Ауыл гүлденсе, ел дамиды

 


Биыл еліміздің саяси жүйесінде көптеген өзгерістер орын алуда. Былтыр өткен референдумда халық конституциялық реформаларды қолдады. 


Ал, күн кешегі 19 наурызда өткен сайлауда-соның заңды жалғасы.
 Бұл жолғы сайлау аралас жүйе бойынша өткізілді. Аталған жүйенің артықшылығы- әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіру мүмкіндігін кеңейту. Бұған қоса көппартиялы жүйенің дамуына серпін беру. Осы сайлау заңнамасына сәйкес менде басқа азаматтар секілді аудандық мәслихаты депутаттығына өз кандидатурамды ұсындым. 
Азамат ретінде кандидатурамды ұсынудағы басты мақсатым -өзім тұратын ауылдың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсарту, халықты толғандырып жүрген өзекті мәселелерді шешуге атсалысу, мектептердің материалдық - техникалық базасын нығайту. 
Әрине депутат болу  үлкен жауапкершілікті жүктейтіні сөзсіз. Біле білсек, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір азамат өз туып өскен  ауылының дамып, гүлденіп өсуіне үлес қосу керек.
Сол себепті егерде мен жергілікті мәслихатқа депутаттыққа өтіп жатсам, жоғарыдағы аталған көкейкесті мәселелердің дер кезінде орындалуына біркісідей атсалысамын деген ойдамын.
Күн кеше елімізде осыған орай сайлау болып өтті. 
Осы сайлауда жергілікті халық  өздері таңдаған депутаттарына дауыс бергені айдан анық. "Мақсат болса, алынбайтын қамал жоқ" демекші, елдің ертеңгі болашағы сіз бен біздің қолымызда.

 Жәнібек Ещанов,
Новобогат орта мектебінің информатика пәні мұғалімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT