Бұл маңызды жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы қатысып, ауылдарды дамыту, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру, әкімдердің жауапкершілігін арттыру бағытында нақты тапсырмалар берді.
Президент ауыл әкімдерінің ел ішіндегі рөліне ерекше тоқталып, ауыл халқының әл-ауқатын арттыру, инфрақұрылымдық мәселелерді шешу, бюджеттік жоспарлау мен халықпен кері байланысты нығайту сынды бағыттарда нәтижелі жұмыс атқару қажеттігін баса айтты.

⠀
Аталған диалог алаңы – ауыл әкімдері үшін үлкен тәжірибе алмасу, жаңа міндеттерді түсініп, іске асыру жолдарын нақтылауға мүмкіндік берген маңызды қадам болды.
Айгүл АДИЛОВА,
Зинеден ауылдық округінің әкімі

