Ауыл әкімі зейнеткер ағалар үйінде болып, оларды Алғыс айту күнімен құттықтады


Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген атаулы күнге орай  Аққыстау ауылдық  округінің әкімі Ғ.Боранбаев бастаған Аққыстау ауылдық  ардагерлер бастауыш  ұйымының  төрағасы Қ.Сдихов, алқа мүшелері К.Бахитов, И.Қаражанов және "Жалын" мәдениет үйінің қызметкері, әнші Б.Қонаров  зейнет демалысындағы ауыл ардагерлерінің үйіне барып қайтты.


Аталған топ мүшелері Аққыстау ауылындағы Шайхы Қизатұлы,Ишан Ермеков, Қыдыр Сапаров, Базарбай Латифуллин, Абат Сейітов, Мұхамбет Сыйехов  сынды ардагерлерді Алғыс айту мерекесімен құттықтап, елімізді яки ауданымыздың көркейіп, өркендеуіне  қоскан үлестері үшін алғыстарын айтып,сондай-ақ, отбасыларына амандық  тілеп, шағын сый-сыяпаттарын ұсынды.
Сонымен қатар, "Жалын" мәдениет үйінің әншісі  Б.Қонаров тамаша әндерімен шашу шашып, көңіл сергітті.
Балаша мәз болған қарттарымыз жоғарыда аталған топ мүшелеріне шынайы көңілден шыққан ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын берді.

 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521