Игерілмей бос жатқан немесе заңсыз иеленген ауылшаруашылық жерлерін мемлекет меншігіне қайта қайтарып, оларды жерді шын мәнінде күтіп, еңбекпен игере алатын азаматтарға қайта бөлу – бүгінгі күннің өзекті талабы. Жер – елдің ең қымбат байлығы, сондықтан оның иесіз қалуына немесе тиімсіз пайдаланылуына жол берілмеуі тиіс.
Мұндай жауапты қадам жер ресурстарының тиімді айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, ауыл шаруашылығы саласының қуатын арттыруға да зор мүмкіндік береді. Жерін сүйіп, еңбегін аямайтын шаруаларға жағдай жасалса, ауылдық аймақтардың әлеуеті артып, отандық өндіріс күшейеді, азық-түлік қауіпсіздігі нығаяды.
Жерді реттеу, бақылау және әділ бөлу тетіктерінің дұрыс жұмыс істеуі – ел экономикасының ұзақ мерзімді, тұрақты дамуына қосылатын маңызды үлес. Сондықтан ауылшаруашылық жерлерін тиімді басқару – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болуы қажет.
Ерболат МАХАШОВ,
Аққыстау ауылдық округінің әкімі


