Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану және заңсыз иеленген учаскелерді қайтарудың маңызы

 

Бұл тапсырманың маңызы өте жоғары әрі бүгінгі күннің талаптарына толық сай келеді. Игершіліксіз, мақсатсыз немесе заңсыз жолмен иемделген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне кері қайтару – еліміздің жер саясатын дұрыс жүргізудің негізгі тетігі. Жер – халқымыздың ортақ байлығы, ал оны тиімді пайдалану әрбір азаматтың жауапкершілігі мен парызы болып саналады.

Пайдаланылмай бос жатқан немесе заңсыз иеленген жерлер елдің экономикалық дамуына кедергі жасайды, ауыл шаруашылығы саласының мүмкіндігін толық пайдалануға жол бермейді. Сондықтан мұндай учаскелерді мемлекет қайтарып алып, шынымен еңбек етуге ниетті, жердің қадірін білетін, оны ұқыпты әрі тиімді игере алатын азаматтарға беру – уақыт талабы.

Жердің әрбір гектары – үлкен әлеует. Ол ауыл шаруашылығын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, отандық өнім көлемін арттыруға, жалпы алғанда елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет етуі тиіс. Осы себепті жердің иесіз қалмауы, қараусыз жатпауы аса маңызды.

Бұл бағыттағы жұмыстар қоғамның сенімін арттырып қана қоймай, әділдік принциптерін нығайтуға да ықпал етеді. Жерді тиімді пайдалану – мемлекеттің дамуы мен ұлт игілігінің кепілі. Сондықтан бұл бастама еліміз үшін стратегиялық тұрғыдан құптарлық әрі өте өзекті.

 

Айгүл АДИЛОВА,

Змнеден ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT