Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қатысты бірқатар маңызды тапсырмалар беріп, сы бағыттағы шараларды күшейтуді тапсырған болатын. Көктемгі егіс науқаны мен күзгі жиын-терінге арналған жеңілдетілген несие көлемін үш жыл ішінде 1,5 триллион теңгеге дейін арттыру қажеттігін айтқан еді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту үшін жеңілдетілген лизингке жыл сайын 450 миллиард теңге бөлу жоспарланып, бұл саланың өнімділігін екі есе арттыруға мүмкіндік береді.
Алайда, Үкіметтің өткен жылғы қорытындысында көктемгі егіс науқаны мен күзгі жиын-терінге бөлінген қаржы 570 миллиард теңгені құрағаны, ал 2025 жылы бұл сома 700 миллиард теңгеге жететіні туралы айтылды. Бұл қаржы сомасы қажетті көлеммен салыстырғанда аздау болып, жоспарлардың толық орындалмағанын көрсетеді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп саласында өңделген өнімнің үлесін 70%-ға жеткізу туралы міндеттің әлі орындалмай отырғанын атап өткен болатын. 2024 жылы бұл көрсеткіш 40%-ға жетуі керек еді, бірақ Үкіметтің жылдық қорытындысында бұл туралы нақты ақпарат айтылмағаны алаңдатады.
Бұл мәселелердің шешілуі үшін Үкіметтің тарапынан нақты іс-шаралар мен бақылаудың күшейтілуі, агроөнеркәсіптің ішкі өндірісін нығайтуға бағытталған жаңа стратегиялар қажет. Мұндай қадамдар ауыл шаруашылығында өңделген өнімнің үлесін арттыруға және экономиканың бұл маңызды саласын тұрақты дамытуға мүмкіндік береді.
Дидар Есмұханов,
аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы