Цифрлық технологияларды ауыл шаруашылығы саласында кеңінен қолдану — уақыт талабы. Қазіргі заманда заманауи құралдарсыз тиімді аграрлық саясат жүргізу қиын. Осы тұрғыдан алғанда, космомониторинг пен геоталдау жүйелерін пайдалану ерекше маңызға ие. Бұл технологиялар жерді ғарыштан бақылап, нақты талдау жасауға жол ашады.
Әсіресе, пайдаланылмай жатқан немесе тиімсіз қолданылып жатқан жерлерді анықтауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайта игеру мен тиімді пайдалануға жол ашылады.
Бұл тәсіл тек өнімділікті арттырып қана қоймай, жер ресурстарын әділетті бөлуді, ауылдағы еңбек өнімділігін арттыруды және инвестиция тартуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мұндай цифрлық шешімдер ауыл шаруашылығы саласындағы ашықтық пен бақылауды күшейтіп, шешім қабылдау үдерісін нақты әрі ғылыми негізделген деңгейге шығарады. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру — еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мен аграрлық әлеуетін арттырудың маңызды тетігі болып табылады.
Рафиғат ТАЖИДЕНОВА,
Қамысқала ауылдық округінің әкімі

