Ауыл шаруашылығында цифрлық технологияларды дамыту және жер ресурстарын тиімді пайдалану

 

Бұл салада цифрлық технологияларды кеңінен және жүйелі түрде қолдану ерекше маңызға ие. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді басқару мақсатында космомониторинг пен геоталдау жүйелері белсенді түрде енгізілуде. Аталған технологиялар жердің нақты жағдайын қашықтан бақылауға, егістік алқаптарының жай-күйін талдауға, топырақ құнарлылығын бағалауға және ең бастысы — пайдаланылмай жатқан немесе мақсатсыз қолданылып отырған жер телімдерін дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Космомониторинг деректері арқылы жер ресурстарының нақты есебі жүргізіліп, ашықтық пен бақылау күшейеді. Ал геоталдау жүйелері алынған мәліметтерді кешенді түрде сараптап, қандай аумақтарды ауыл шаруашылығы айналымына қосуға болатынын айқындауға көмектеседі. Соның нәтижесінде бос жатқан жерлерді тиімді пайдалануға, өнім көлемін арттыруға және ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы тиімділігін жоғарылатуға жол ашылады.

Осы озық технологияларды одан әрі дамыту, деректердің нақтылығы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ оларды жергілікті атқарушы органдар мен фермерлердің күнделікті жұмысына кеңінен енгізу аса маңызды. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуына, жер ресурстарын ұтымды пайдалануға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады.

 

Айгүл АДИЛОВА,

Зинеден ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT