Ауыл жастары пікірлесу алаңында

Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі М.Өтеғалиев ауыл жастарының өкілдерін пікірлесу алаңына шақырып, Жастар жылында округте атқарылатын іс-шаралар жобасын талқылады.

- Үстіміздегі Жастар жылында жастармен жұмыстың мазмұны да, форматы да жаңаша болуы тиіс. Жүргізілетін жұмыстарды жастардың ойлау жүйесін, санасын, ішкі жан дүниесін өзгертуге бағытталған мақсатта белгілеп, бірлесіп жүргізсек, тиімді болатыны анық - деді округ әкімі.

Алдын ала жасақталған жоба бойынша ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту, отбасы құндылықтарын насихаттау, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, туған ауылды көркейтуге үлес қосу, тарихи орындар мен тұлғаларды танып білу, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, т.б. мәселелері қамтылған.

Кездесуде Елбасының қатысуымен Астанада өткізілген Жастар жылының ашылу салтанатына қатысқан шаруагер Н.Алпамысұлы, ауыл жастары Р.Аманғалиева, Б.Қонаров, А.Абдолова, Н.Құттыбаев, аудандық жастар ресурстық орталығының өкілі Д.Дүйсенбаев ойларын ортаға салды. Жоспарға «Ауыл жастары күнін», 70-80-ші жылдардың әндерінен ретро фестиваль ұйымдастыру, әлсіз отбасыларына қайырымдылық көмектер көрсету, жұмыссыз жүрген жастарды кәсіби оқыту, олармен тренингтер өткізу, құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде шаралар енгізілді.

Сонымен бірге кездесуде спорт ғимараты мен құрылғыларын бос уақыттарда жастардың пайдалануы үшін жасақталған кесте таныстырылды. Жастардың Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің спорт залында волейбол, үстел теннисінен жұма, сенбі күндері кешкілік, ауылдық мәдениет үйінің кіші залында орналасқан тренажерлік құрылғылармен сенбі, жексенбі күндері кешкілік жаттығуына мүмкіндік бар.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT