Ауыл жастарының ғылымға келуі – ел болашағының кепілі

 

Қазіргі заманда экономиканың дамуы ғылым мен инновацияға негізделуі керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда ғылымды дамыту, қолданбалы зерттеулерді ілгерілету және оларды өндірісте пайдалану қажеттігін атап өтті. Бұл – елдің болашағы үшін маңызды бағыттардың бірі.

Дегенмен, ғылымды дамыту үшін біз ең алдымен жастарды, әсіресе ауылдық жерлердегі, аудандық деңгейдегі балаларды осы салаға тартуымыз керек. Олардың ғылымға деген қызығушылығын оятып, білім мен зерттеуге ынталандыру – елдің интеллектуалдық әлеуетін күшейтудің басты шарты. Аудан жастарына ғылыми орталықтарға, зертханаларға, инновациялық жобаларға қолжетімділікті арттыру маңызды. Олардың ғылыми ізденісін қолдап, әлеуетін ашуға жағдай жасау – мемлекет пен қоғам алдындағы үлкен міндет.

Егер біз бүгін ауыл-аймақтағы талантты балаларды ғылымға баулып, қолдау көрсетсек, ертең олар еліміздің дамуына үлес қосатын жаңашыл ғалымдар мен өнертапқыштарға айналады. Сондықтан ғылымды аймақтарда кеңінен насихаттау, жастардың зерттеушілік қабілетін дамыту – стратегиялық маңызды қадам.

 

Балғаным ҚАЙЫРҒАЛИЕВА,
еңбек ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT