Ауылда өткен «суперфинал» үлкен-кішіні түгел баурады

Жуырда «Алтын тұғыр» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Тұщықұдық ауылында «Жылы жүрек» атты қайырымдылық кеші өтті.

Бұл аққыстаулық көпбалалы Арман Оразақов мен Жанар Харесованың отбасына баспана алып беру мақсатында қолға алған «Шаңырақ» жобасы аясында ұйымдастырылған алғашқы шара болатын.

Кеш қазақтың маңдайына біткен бекзат өнер - ақындар айтысымен ерекшеленді. Шараны облысымыздың мақтанышы, бірнеше республикалық айтыстардың жеңімпазы қамысқалалық Саадат Нұрманов сәнін келтіре жүргізді. Айтыстың алғашқы жұбы болып батыс қазақстандық Бауыржан Ширмиденұлы мен жерлесіміз Нұрболат Нұғманов сөз жарыстырды. Сөз бастаған жерлесіміз оралдық ақынға алдымен қош келдің айтып, мейманын келіп жеткен амал мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ жақын-жуықты қауыштыратын көрісу дәстүрінде ағайын-туыс пен дос-жаран артық-кемі болса кешірісетінін алға тартқан Нұрболат қарсыласына «біз өкпелеспек түгілі таныс емеспіз, кешірісетіндей, ренжісіп үлгермедік» дегендей әзіл тастаған болды. Қарсыласының ойын жалғап әкеткен Бауыржан да жүйрік екен.

Негізгі тақырыптың қайырымдылық жасау екенін ескерген ол кейбір орынсыз ысырапқа жол беріп жататын қандастарымызды атақ-абырой үшін шашылған дүние-мүлікті сауап үшін қамқорлыққа мұқтаж жандарға берсек екен дегендей орынды ойын ортаға салды. Ал, Нұрболат кеше ғана арамыздан ұзаған кең жүрек азамат Дарын Зұлхашевтың ел үшін атқарған қайырымды істерін үлгі қыла жырлап, жерлестеріне қайғыра көңіл айтты...

Мақаланың жалғасын газет бетінен оқисыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521