Журналист Жоламан Дәулетиярдың Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінде «Біздің жерлес» айдары аясында «Күй әлемінің Айгүлі немесе «Балдырғандардан» басталған жол» деген тақырыппен сыр-сұхбаты жарияланды.
Онда исатайлықтардың, атыраулықтардың ғана емес, иісі қазақтың мақтанышына айналып, әлемге күй құдіретін ұқтырған дара талант Айгүл Үлкенбаева туған жер, өскен ортасына, өнерге көзқарасы туралы, кейінгілерге берер ақыл-кеңесі хақында, осынау өңірге ат ізін салар шығармашылық жұмыс жоспарлары жайында ой бөліседі.
- «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» демекші, әр адам үшін өзінің туған жеріне жететін, одан ыстық, одан киелі жер жоқ деп анық айта аламын. Қай жерде болсақ та, қай елдің қай түкпірінде жүрсек те, өзіңнің туған топырағыңа, туған ауылыңа ештеңе жетпейтіні рас, оны өзім де бастан өткеріп жүрмін. Егер мен өнердің ордасындай болған Чапаев ауылында өспеген болсам, сол ортада, сол топырақта тумаған болсам, білмеймін, мен бүгінгі күні осындай күйші болып қалыптаспаған болар ма едім деп ойлаймын..., - дейді ол.
Сыр-сұхбаттың толық нұсқасын «Нарын таңының» сәуірдің 29-ындағы №17 санынан оқи аласыздар.