Қамысқала ауылдық округінің әкімін сайлау кезінде алғашқы болып өз таңдауын жасаған тұрғын – Әлібек Қаналиев.
Ауылдың қадірменді тұрғыны, еңбек ардагері Әлібек Қаналиев бұл сайлаудың Қамысқала болашағы үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті. Оның сөзінше, әкім сайлауына қатысу – әр азаматтың өз ауылын өркендетуге және тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға қосқан маңызды үлесі. Ол сондай-ақ сайланған әкімнің бағдарламасында көрсетілген бастамаларды жүзеге асырып, халық игілігі үшін аянбай еңбек етуі қажет екенін айтты.
№128 сайлау учаскесінің төрағасы Парух Қабиевтің айтуынша, ауыл ақсақалы әрбір сайлау науқанына үлкен жауапкершілікпен қарап, үнемі белсенділік танытады және әдеттегідей алғашқылардың бірі болып дауыс береді екен.
Е.ЗИНЕДЕНОВ


