Ауылды әнге бөледі

Аудан орталығынан жырақ қонған Исатай ауылында да Наурыз мейрамына арналған шаралар өз нақышымен есте қалды. Бір сөзбен айтқанда, сол 21 наурыз күні өнерлі жандар ауылды әнге бөледі десек болғандай.

Ұлыстың ұлы күні - әз Наурызды ұлықтаған бұндай сәтте халқымыздың салт-дәстүрін жаңғырту да ұмыт қалмайтыны белгілі. Солардың санатындағы «Баланы бесікке бөлеу», «Көрісу» рәсімдерінің көрсетілуі көптің көңілінен шықты. Ал алаңқайда құрылған «Алтыбақан» да ауыл жастарын өзіне тарта түскендейді.

Иә, осы күні өнерлі ауылдастар көпке қуаныш сыйлауға асықты. Сөйтіп, Ұлбосын Сатыбалдықызының орындауындағы «Елге сәлем», Тимур Еламанұлы әуелеткен «Мерекем», Зита Тұқпатқызы шырқаған «Қамажай», басқа да орын- далған әндер тыңдарманды тәнті етсе, Қыдыр атаны сомдаған ауыл үлкені Айдолла ақсақал, «Ақжелең» әжелер ансамблі, «Шұғыла» би тобы да «Армысың, әз Наурыз» аталған осынау шараның шырайын арттыруға өз үлестерін қосты. Ұлттық киім киген қыз-келіншектер қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынып, «Ағымыз мол, нанымыз көп болсын!» деп тілесті.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

COVID 19

covid

Күнтізбе

маусым 2020
ПВСЧПСВ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21