Ауылды әнмен тербеген...

Дәстүрге айналғандай әр аптаның бейсенбі кеші ауданымыздың төрінде ауылдық округтердің сазды бағдарламасына ұласып жүр. Фаризадай ақын, Махамбет пен Исатайдай батыр шыққан, төрт-түлігі жайлаған, газ құбыры мен темір жолын сайлаған,өнерімен өнегесі бір арнаға тоғысқан, тәрбиелі де ақылды қарттары, үлгілі жастары, өнерлі өрендері мақтанатын құмды ауыл.

Нарын өнерпаздарының  «Құт дарып, кие қонған-ақ Нарыным» атты бағдарламасына аққыстаулықтар тәнті болды. Алдымен, мерекелік құттықтау сөзі Нарын ауылдық округінің әкімі Асқар Абуовке беріліп,кеш шымылдығын ашты.

Концертте алғаш болып «Айналдым елім» әнімен Марта Ақылиденқызы жиналған көпшілікке ерекше ықылас көрсетті. Одан соң «Елге сапар», «Нурикамал» әндерін Айбар Хапсихұлы тамаша орындай білді.  

Зайда  Муфтуллақызының орындауындағы «Бозорамал» әнімен Әзілхан Серікбайұлының «Ана» әні сәтті шықса, осы орындауда ескірмеген ескі әндерден поппури әнін жиналған көпшілік өнерпаздармен бірге қосыла шырқады. «Сен гүлім» және «Сен туралы» әндерін Сұлтан Нұрланұлы тамылжыта шырқады.

Т.Серіковтың сөзінен жазылған Д.Сердалиевтың  «Әдемі» әні де концерттің көрігін одан әрі аша түскендей көрінді.

Содан соң Майлықожаның термесін Сәндібек Жанатоллаұлы құйқылжыта орындады.

Осылайша, өнерпаздардың көрсеткен өнерлеріне де орталық алаңға келген көрермендер қошемет көрсетіп, соңында аудан әкімінің орынбасары  Нұрғайша Әбежан нарындық өнерпаздарға ризашылығын жеткізіп,алғыс хатын табыстады.                        

 

 Сағыныш ҚАЙЫР                                                                           

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521