«Ауылдықтар» Исатай ауданында болды

14 желтоқсан күні «Ауыл» партиясының өкілдері Атырау облысы, Исатай ауданы орталығында болып, жергілікті халықпен кездесті.

Облыстық мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттар Н.Муталиев, У.Қапанов, К.Мағзомов және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Н.Мұстажапова мен Н.Айдарбеков сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Жиынға төрағалық еткен, партияның өңірлік филиалы төрағасы Қадыржан Арыстан, саяси ұйымның алдағы жоспары мен сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

f09ff29e-83e5-4a21-93b8-0fd0ea048ef4

Жарыссөзде жергілікті ауыл шаруашылығы мамандары және басқа да сала қызметкерлері пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға салды.

Өз кезегінде кандидаттар атынан сөз алған У.Қапанов алдағы өткелі отырған саяси доданың ерекшелігіне, маңыздылығына тоқталды.

5980c984-49c2-4322-9729-969449193147

Сұрақтарға толық жауап беріп, бюджеттік мекемелерде келісімшартпен жасайтын қызметкерлердің жалақысын көтеру, азық-түлік бағасын тұрақтандыру, аграрлық салаға қажетті мамандар тарту сияқты әлеуметтік мәселелерді қозғалды. Кездесу соңында партия өкілдері «ауылдықтарды» қолдауға шақырды. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT