Ауылдың да өз үздіктері бар

Тышқан жылын тұщықұдықтықтар да көңілді қарсы алды.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ауылдың орталық көшесіне шырша шамы жағылып, безендірілді. Мәдениет үйінде ұйымдастырылған балалар ертеңгілігінде «Құлыншақ» бөбекжай-балабақшасы ұжымының дайындаған бағдарламасы тамашаланып, «Жайықмұнайгаз» басқармасы кәсіподақ комитетінің (К.Айдарбеков) жаңажылдық сыйлықтары үлестірілді.

Кешкісін «Төрле, жаңа 2020 жыл!» атты думанды кешке ауыл тұрғындары көп жиналып, Аяз ата мен Ақшақарды қарсылады, жыл ішінде ауылда атқарылған жұмыстар бейнеролик арқылы таныстырылды, Ж.Мырзағалиев атындағы орта және Жамбыл бастауыш мектептері, мәдениет үйі жаңажылдық қойылымдар көрсетті. Ауыл тұрғындарын округ әкімі Мәди Өтеғалиев құттықтады.

Ауылдың қоғамдық-мәдени өміріне белсене араласып, ауылды көркейту істеріне ұйытқы болған бір топ азаматтарға «Жыл үздігі» байқауының қорытындысымен «Жергілікті қоғамдастық мүшесі» номинациясы еңбек ардагері Амангелді Салаховқа, «Тазалық жанашыры» номинациясы кәсіпкер Қуаныш Беркалиевке, «Жастар белсендісі» номинациясы Алтынбек Сабировқа, «Руханият» номинациясы Аққыстау халық театрының өнерпазы Жалғасбай Тәжиденовке салтанатты жағдайда табыс етілді.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT