Қазақстанның ауылшаруашылық саласы ел экономикасының негізі болып табылады, ал жер – бұл ең құнды ресурстардың бірі. Алайда, қазіргі таңда елімізде көптеген ауылшаруашылық жерлері игерілмей бос жатыр немесе заңсыз иелену салдарынан тиімді пайдаланылмайды. Бұл мәселе ауыл шаруашылығының дамуында үлкен тосқауыл болып отыр. Сондықтан, жерді қайта бөлу, оны тиімді пайдалануға ықпал ету және заңсыз алынған жерлерді мемлекетке қайтару – елдің тұрақты дамуы үшін аса маңызды шаралар болып табылады.
Қазақстанның аумағында ауылшаруашылық жерлерінің кең көлемі бар. Алайда, бұл жерлердің бір бөлігі игерілмей, бос жатқан немесе тиімді пайдаланылмай отырғандықтан, оның экономикалық және экологиялық құндылығы толыққанды жүзеге аспай отыр. Бұл мәселе еліміздің ауылшаруашылық әлеуетін төмендетіп, ауылдардағы тұрмыс деңгейінің нашарлауына әкеледі. Әсіресе, заңсыз алынған немесе иесіз қалған жерлер ауыл шаруашылығының дамуына кедергі келтіруде.
Қазақстанда жер заңдарын бұзып, ауылшаруашылық жерлерін заңсыз иемдену жағдайлары әлі де орын алып отыр. Мұндай жағдайлар көбінесе жер ресурстарын дұрыс басқармаудан туындайды. Заңсыз алынған жерлер мемлекетке қайтарылмайынша, олардың тиімді пайдалануын қамтамасыз ету қиынға соғады. Сондықтан, ауылшаруашылық жерлерінің заңсыз иемденуін жою және оларды қайтару – жер реформасының маңызды бөлігі болуы тиіс.
Бұл процесті жүзеге асыру үшін тиісті бақылау механизмдерін күшейту, жерді бөлудегі ашықтықты арттыру және жерге қатысты заңдарды қатайту қажет. Заңсыз жер иеленушілердің жауапкершілігін арттыру, мемлекеттік органдардың бақылау деңгейін күшейту, сондай-ақ жерді қайтару механизмдерін жетілдіру еліміздің ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді.
Жер иесінің өзгеруі немесе қайта бөлінуі тек әділ, ашық және тиімді болуы керек. Ауылшаруашылық жерлерінің тиімді пайдаланылуы үшін ол тек жердің қадірін білетін азаматтарға берілуі тиіс. Әрбір жер учаскесінің нақты мақсаты мен ауыл шаруашылығына қосар үлесі есепке алынып, оны аграрлық сектордың қажеттіліктеріне сай дұрыс бөлу керек. Бұл жерде жердің экологиялық жағдайы, оның өнімділігі, сондай-ақ ауылдың дамуына қосар үлесі ескерілуі керек.
Жерді тиімді пайдалану үшін мемлекеттік қолдау шаралары, жер иелерінің жауапкершілігін арттыру және ауылшаруашылық технологиялар мен инновацияларға инвестиция салу маңызды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын дамыту үшін аграрлық білімі бар мамандарды даярлау, инновациялық тәсілдерді енгізу және экологиялық таза өнімдер өндіру қажет.
Ерболат МАХАШОВ,
Аққыстау ауылдық округінің әкімі


