Аз адаммен қонақ күткен аққыстаулық айыппұл арқалауы мүмкін

Аты жаман ауру алқымнан алып, айналамызды шарпып тұрса да жиын-тойды қоймайтынымыз-ай, осы?

Мамандар індеттің дені көпшілік жиындардан тарап жатқанын айтып-ақ келеді.

0

Сонда да Исатай ауданында отбасылық шаралар толықтай тыйылмай тұр. Аққыстау ауылдық округі бойынша 11 шілде күні коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында мобильдік топ мүшелері рейдтік шара ұйымдастырды. Мобильдік топ Атырау облысының Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 4 шілдедегі №52 қаулысы бойынша кәсіпкерлік нысандарын тексеріп, тұрғындарға жиын-той өткізбеу бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді.

f

Рейд барысында жиын-той өткізіп жатқан бір отбасы анықталды. Үй иесінің айтуынша, отбасылық шараға көп адам жиналмаған көрінеді. Дегенмен, қаулыда азғантай адаммен жиын-той өткізуге жеңілдік қарастырылмаған. Онсыз да осыған дейін "ауылдың адамдары ғой" деп көптеген той-домалақтарға көз жұма қарап келдік емес пе? Енді ол "кеңдікті" қоятын кез келді. Қаулыдағы тәртіппен таныстырған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері үй иесінен түсініктеме алды. Тұрғынның түсініктемесі аудандық бас санитарлық дәрігерге арнайы шарасын алу үшін жолданатын болады.

1d3315e0-74aa-4e10-9cd7-5ff26abc830f

Сонымен қатар, мобильдік топ ауыл бойынша қайғылы жағдай орын алған отбасыларға арнайы барып, бөтен адамдар жинамай, ас беруді отбасы мүшелерімен ғана өткізу керектігін ескертті.

Кәсіпкерлік нысан иелеріне Атырау облысының Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 4 шілдедегі №52 қаулысына енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, талаптарды толық сақтау қажеттігі ескертілді.

Алдағы күндері мобилдік топ жұмысы осы бағытта жалғасын табатын болады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521