Қаза болғандар саны мұқият тексерілді – Бас прокурор

https://baq.kz/

Қаза болғандар саны туралы мәлімет дұрыс. Тергеу аясында мұқият тексерілді. Еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов осылай деп мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

 

Шабуылды тойтару кезінде Төтенше жағдай мен антитеррористік операция барысында 238 адам қаза болды. Оның ішінде 41 адам бұрын сотталғандар. Қаза болғандар саны туралы мәлімет дұрыс. Тергеу аясында мұқият тексерілді. Соның ішінде 67 адам шабуылшы болды. Яғни, жаппай тәртіпсіздікке қатысқан күдіктілер. 142 адам – Төтенше жағдай мен антитеррористік операцияның режимін бұзушылар. 4 адам басқа да қылмыс жасау кезінде қаза тапқан, – деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.

Прокурордың дерегінше, Алматы қаласында 151 адам қаза тапты. Ол оқиғаның көбі Президент резиденциясына шабуыл кезінде болған.

Адам өлімі Қызылорда да, Шымкентте және Тараз қалаларда тіркелді. «Қаңтар оқиғасы» бойынша – 5300 қылмыстық іс қозғалды. Оның басым бөлігін Ішкі істер министрлігі тергеді. Олар тонау, ұрлық қарақшылық, қару-жарақ ұрлау, – деді Берік Асылов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT