Қазақстан қалаларында Республика күні қалай тойланады?

Алматы мен Қазақстанның басқа да ірі қалаларының әкімдіктері Республика күніне қандай мәдени және спорттық іс-шаралар өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы

21 қазан сағат 11:00-де Қазақстан-Британ техникалық университетінің әл-Фараби атындағы залында Республика күніне арналған ғылыми-практикалық конференция өтеді. Аталған іс-шараға XII шақырылымдағы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің тарихи құжат қабылданған бұрынғы депутаттары, ғылыми зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, Алматы мәслихатының, қалалық мемлекеттік құрылымдардың депутаттары қатысады.

22 қазан сағат 12:00-де Қазақстан-Британ техникалық университетінде мемлекеттік және ведомстволық наградалар, алғыс хаттар салтанатты түрде тапсырылады.

22 қазан сағат 17:00-де Республика сарайында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен салтанатты концерт өтеді. Салтанатты концертке қала зиялылары, мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері, саяси партиялардың өкілдері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, студенттер, әскери қызметшілер шақырылады.

23 қазан сағат 7:00-ден 13:00-ге дейін Charity Music Nur жаппай қайырымдылық жарысы өтеді. Жарыс Тұңғыш Президент саябағынан басталады. Қатысушылардың жоспарланған саны – 1700-2000 адам. Жарыс келесі қашықтықтарда өткізіледі: балалар жарысы (2 км – 7-14 жас), скандинавиялық серуендеу (10,5 км), 10,5 км жүгіру және 21 км. қатысушылардың жиыны сағат 6.00-де.

25 қазан сағат 10:00-де "Медеу" биік тау кешенінің алдындағы алаңда "Патриотизм дауысы" акциясы аясында мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтеріледі және Әнұран орындалады. Салтанатты рәсімде мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері, саяси партиялардың көшбасшылары, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, студенттер, әскери қызметшілер (құрметті қарауыл, әскери-үрмелі оркестр) болады. Сондай-ақ, осы уақытта қаланың барлық аудандарында мемлекеттік Әнұран жаппай орындалады. (Алатау ауданы - Almaty Arena мұз сарайының аумағында, Алмалы ауданы - ҚБТУ ғимаратының алдында, Әуезов ауданы - Алматы көпсалалы колледжі ғимаратының алдында, Бостандық ауданы - MEGA Almaty - Розыбакиева, Жетісу ауданы - "Гүлдер" саябағы, Медеу ауданы - Ғылым ордасы ғимаратының алдындағы алаң, Наурызбай - аудан әкімдігі ғимаратының алдында, Түрксіб - Сауранбаев көшесіндегі Арбатта).
Әнұранды орындағаннан кейін ЖОО, колледж және әскери оқу орындары студенттерінің қатысуымен "Қыран елім - Қазақстан" флешмобы өтеді.

25 қазан сағат 10:00-де "Ұлттық дала ойындары" республикалық ұлттық спорт түрлерінің фестивалі өтеді. Өтетін орны Омаров көшесі, 10а мекенжайдағы Алматы ипподромы.

25 қазан сағат 17:00-де қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен "Астана" алаңында мерекелік концерт өтеді.
Концерттен кейін мерекелік салют болады.

Шымкент

Қала әкімдігі 22 қазанда республика күнін атап өтуді жоспарлап отырғанын, алайда бұл күні нақты қандай іс-шаралар өтетінін нақтыламағанын хабарлады.

16 қазан сағат 11:00-де Шымкент қалалық Орыс драма театрында Евгений Шварцтың "Қызыл телпек" ертегісі, қоюшы - режиссер Анатолий Петриченко қойылады.

26-27 қазан күндері сағат 18: 30-да Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық Қазақ академиялық драма театрында Шаниннің 130 жылдығына арналған Сая Қасымбектің "Ат жалман ғасыр" драмасы қойылады. Қоюшы-режиссер - Бекболат Құрманғожаев.

Осы жылдың 28 қазанында әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында "Әл-Фараби мұрасы - өркениет қазынасы" республикалық конференциясын өткізу жоспарланып отыр.

Қарағанды

Мерекеге дейін Қарағанды облысында 14 қазанда "Табиғатты аялайық" Жастар экологиялық акциясы басталды. Оның аясында саябақтарды, аулаларды, скверлерді, орман алқаптарын тазарту жұмыстары жүргізілуде. Акцияны Қарқаралы ауданы ұлттық табиғи парк аумағында бастайды. Оны облыстың барлық қалалары мен аудандарының эковолонтерлері алады.

15 қазаннан бастап "бірге жақсылық жасайық" атты жалпыұлттық челлендж басталады. 

Республика күні қарсаңында бүкіл облыс бойынша қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады.

22 қазанда Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрында мерекелік концертпен салтанатты жиын өтеді.

25 қазанда Жаңа Майқұдық, "Молодежный" және Теміржолшылар мәдениет үйлерінде "Менің Қазақстаным" концерттік бағдарламасы өтеді.

Республика күні облыс тұрғындары "Қыран елім - Қазақстаным" жалпыұлттық патриоттық акциясы аясында еліміздің әнұранын орындайды. Қарағандыда Гимн флагштоктың жанындағы алаңда айтылады.

Петропавл

Петропавлда Республика күніне орай 23 қазанда Dostyq mall СОО-да "Qyzyljar-шеберлер мекені" халықаралық қолөнершілер фестивалі өтеді. Фестивальге Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Қазақстанның басқа өңірлерінің шеберлері қатысады. 24-25 қазанда қолөнершілер фестивалі Орталық алаңда жалғасады.

СҚО мәдениет басқармасы қалада халық мерекелері 24 қазанда Ақан сері атындағы облыстық филармония әртістерінің қатысуымен орталық алаңда басталып, 25 қазанда "Қыран елім - Қазақстан!" концерті Ninety One тобының қатысуымен өтеді.

Оқушылар Сарайында Туған өлкенің дамуына үлес қосқан солтүстік қазақстандықтарды құрметтейтін "Төле тарихымызға тағзым" атты салтанатты жиын мен концерт, "Ұлы даланың ұлттық тілі" республикалық форумы өтеді

Мереке қарсаңында қалада ағаш отырғызу да ұйымдастырылады.

Қостанай

"Біздің Қостанай" басылымының мәліметінше, 19-21 қазан аралығында қаланың түрлі аудандарында көшпелі концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. "Наурыз" және "Қостанай Плаза" СОО-да балаларға арналған концерттер өтеді. 

22 қазанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

25 қазанда Мемлекеттік Туға арналған автошеру өтеді.

Атырау

18-25 қазан аралығында қоғамдық көліктерде және қаланың танымал сауда орталықтарында патриоттық әндерді орындау бойынша флэшмоб ұйымдастырылады.

25 қазанда рәміздер алаңында мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтеді.

Мереке құрметіне 22-23 қазан аралығында Сарайшық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

24 қазанда "Абай" шығармашылық орталығында жастар арасында үстел теннисінен турнир өтеді.

Республика күні орталық алаңда және Атырау саябақтарында жаппай мерекелеу, көрмелер, экспозициялар, мерекелік концерттер мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өтеді.

25-27 аралығында "Атырау" орталық спорт кешенінде жасөспірімдер арасында қазақша күрестен турнир өтеді.

Түркістан

19-20 қазан аралығында Түркістанның "Конгресс холлында" "Голос Тұран" Халықаралық қазақ ән байқауы өтеді.

22 қазан сағат 19.00-де Облыстық FARAB library ғылыми-әмбебап кітапханасында Облыстық драма театрының қойылымында Б.Есеналиевтің "Ананың жүрегі" спектаклі көрсетіледі.

22-23 қазан аралығында Түркістан музыкалық-драма театрында әлемдік әдебиеттің белгілі авторлары - М.Әуезовтің "Қарагоз", Шекспирдің "Гамлет", Гетенің "Фаусттан" үзінділері көрсетіледі.

23 қазан сағат 18.00-де Karavansaray Turkistan кешенінде the spirit of Turkistan заманауи этникалық музыка фестивалі өтеді.

Облыс мұражайына көрмелер, дәрістер өтеді

 

сурет ашық дереккөз

Республика күні

25qazan-respublika

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика