Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңы

https://www.gov.kz/

 

  1. Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңы қашан қабылданды?

         Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңы 2022 жылы 5 қарашада президентімізбен көпшілік алдында қол қойылып, 18 қарашада күшіне енді.

 

  1. «Прокуратура туралы» Заңға Конституицялық мәртебе беруге қандай себептер негіз болды деп ойлайсыз?

         Алғаш  Конституциялық заңды қабылдау туралы Мемлекет Басшысының 2022 жылдың 16 наурыздағы "ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ" Қазақстан халқына Жолдауында айтылған болатын.  Прокуратура мен Адам құқығы жөніндегі уәкіл туралы конституциялық заңдардың қабылдануы, еліміздегі заң тәртібін күшейтуге және  құқық қорғау қызметін жаңа қарқынмен жетілдіруге әкелетіні анық.

         Заң  5-ші маусымда өткізілген референдумдағы саяси реформалар аясында жүзеге асты. Сол кезде Конституцияның 83-бабына өзгеріс енгізіліп, Прокуратураның қызметі Конституциялық заңмен реттелені туралы толықтырылған болатын. Бұл Прокуратураның мәртебесін күшейтіп, еліміздегі құқық қорғау институттарының дамуына әкелетіні анық.

 

  1. «Прокуратура туралы» Конституциялық Заңының ескі Заңнан айырмашылығы неде?

         Қазір Конституцияның 7 бөлімі «Соттар жəне сот төрелiгi. Прокуратура. Адам құқықтары жөніндегі уəкіл» бөлім атауымен толықтырылды.  

Бұдан басқа, Заң мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың қызметінде заңдылықтың бұзылуын анықтау, заңсыз актілерді анықтау, заңдылықтың бұзылуын жою және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттерді орындайтыны айқындалды.

Сонымен қатар, прокуратура органдарының алдында заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету мәселелері бойынша құқық қорғау және өзге де органдарды үйлестіру міндеті тұр.  Бұрын конституциялық Кеңеске Қазақстан Республикасы Президенті, Сенат Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің жүгіне алса, енді:

  • Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігі;                                                                                              
  • Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме беру мәселелері;                        
  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Республика

Конституциясына сәйкестігінің мәселелері бойынша Бас прокурорда Конституциялық сотқа жүгінуге құқылы.

         Сондай-ақ Республиканың Бас прокурорына азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер және әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша сот практикасы мәселелері бойынша соттарға түсіндірме беру туралы ұсыныспен Жоғарғы Сотқа жүгіну құқығы бекітілген.

         Прокуратура органдарының  заңдылықтың сақталуын тексеруді тағайындау және жүргізу туралы шешімдері:

      1) физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларға қарай құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдардың;

      2) адамдардың шектелмеген тобының;

      3) егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардапты болғызбауға қажет болса, адамдардың, қоғамның және мемлекеттің;

      4) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, олардың лауазымды адамдары тарапынан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласу фактілері бойынша олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қабылдатын болса, ендігі қосымша негіз ретінде кәмелетке толмаған адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін тексеріс жүргізе алады.          

         Бас прокуратура өз құзыретіндегі мәселелер бойынша мемлекеттің мүдделерін шетелдік және халықаралық соттарда (төреліктерде) білдіретін болады.

        Егер ескі заңда прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеру; жедел-іздестіру қызметі және жасырын тергеу әрекеттеріне нұсқау беретін болса, Конституциялық заңда прокурор  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қосымша тексеру жүргізу, атқарушылық іс жүргізу, жазаларды орындау, прокуратураның талап етуі бойынша жүргізілетін тексерулер, мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу  және өзге де мәселелер бойынша жазбаша нұсқаулар беруге құқылы.

Бұл өз жағынан алименттерді, жалақыны, зейнетақыларды, жәрдемақыларды өндіріп алу, өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеуге, тексерулердің сапалы, әрі нақты өтуіне әсер етеді.

         Прокурордың қаулыларының тізілімдемесі кеңейген. Прокурор:

  1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жағдайларда;                                                                                                
  2.  тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы;
  3.  жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы;
  4.  жедел-іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату турал
  5.  актінің қолданысын тоқтата тұру туралы;
  6.  заңдылықтың сақталуын тексеруді жүргізу туралы;
  7.  мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ олардың лауазымды және өзге де адамдары негізсіз жүзеге асыратын тыйым салу не шектеу сипатындағы әрекеттер мен шаралардың күшін жою туралы;
  8.  күзетпен ұсталатын, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан, сондай-ақ пробация қызметтерінің есебіне алынған адамдарға қатысты қылмыстық-атқару жүйесінің органдары қолданған тәртіптік жазалар мен көтермелеулердің күшін жою туралы;
  9.   лауазымды және өзге де адамның актісін немесе әрекетін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұру туралы;
  10.  сот орындаушыларының заңсыз актілерінің күшін жою туралы;
  11.  прокурорлық қадағалау актісін мәжбүрлеп орындату туралы;
  12.   Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда қаулы шығарады.

         Прокурордың «Заңды бұзуға жол берілмейтіні туралы түсіндіру» ден қою актісі Конституциялық заңда бекітілген. Құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында немесе дайындалып жатқан құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы мәліметтер болған кезде прокурор жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуға жол берілмейтіні туралы жазбаша немесе ауызша нысанда түсіндіреді және оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылық туралы ескертеді.

         

4.Конституциялық заңның қарапайым халыққа тигізер пайдасы қандай?

         Конституциялық заңда , адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылықтары ретінде қорғау, Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықты қамтамасыз ету, прокуратураның басты мақсаты ретінде айқындалған. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді жүктейді.

Олар:                

  1.  адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды және бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру;                                   
  2.  заңдылықтың бұзылуын, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарларын анықтау және жою;                                                         
  3.  құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіру;                                                                                                                               
  4.  Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де міндеттерді жүзеге асыру.                         

 

    Айтылған міндеттер прокуратураның құқық қорғау функциясын күшейтеді. Прокуратура айналысатын жолданымдардың тізілімдесі келесідей кеңейтілді. Олар: физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмаса, адамның және азаматтың, кәмелетке толмаған адамдардың, сондай-ақ адамдардың шектелмеген тобының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін; адамның және азаматтың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін, егер бұл мүдделерді қорғауды құзыретіне тиісті өкілеттіктер жатқызылған уәкілетті орган тиісті түрде қамтамасыз етпесе не мұндай орган болмаған жағдайларда; мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мекемелер, олардың лауазымды адамдары, меншік нысандарына қарамастан өзге де ұйымдар тарапынан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласу фактілері бойынша олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына және ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатерді болғызбау мақсатында; жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін заңдылықтың бұзылу фактілері бойынша; Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша;  Бас Прокурордың тапсырмалары бойынша жолданымдарды қарайды. Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жолданымды қарау мерзімі ол прокуратура органдарына келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды. Жолданымды дұрыс шешу үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, мекемелерден, меншік нысандарына қарамастан ұйымдардан ақпарат алу қажет болған жағдайларда жолданымды қарау мерзімі прокуратура органы басшысының не оның орынбасарының уәжді шешімімен ақылға қонымды, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылады. Жолданым бойынша заңдылықтың сақталуын тексеру тағайындалған жағдайда қарау мерзімдері оны жүргізу мерзімі ескеріле отырып айқындалады. Жолданым иесіне аралық жауап жіберіледі. Түпкілікті жауап жолданым иесіне тексеру нәтижелері бойынша ол аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде хабарланады. Жолданымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жолданым иесіне мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады. Иесі бүркемеленген жолданымда дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не ұлттық, оның ішінде қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қатер туралы мәліметтер қамтылған жағдайларды қоспағанда, мұндай жолданымдар прокуратура органдарында қаралуға жатпайды.                                                                                 

Қадағалау субъектілерінің тізбесі лауазымды тұлғалар тарапынан азаматтар мен бизнес субъектілерінің құқықтары мен мүдделеріне қол сұғушылыққа жол берілмейтін квазимемлекеттік сектор мекемелері мен субъектілерімен толықтырылды. Ендігі Конституциялық Заңның 37 бабының 1-бөлігіне сай прокурор қаулы шығару арқылы: мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ олардың лауазымды және өзге де адамдары негізсіз жүзеге асыратын тыйым салу не шектеу сипатындағы әрекеттер мен шаралардың күшін жоя алады.                                                                                                          

  Конституциялық заңның тағы бір ерекшелігі: конституциялық мәртебеге ие, «адам құқықтары жөніндегі уәкілмен» өзара іс-қимыл туралы норма бекітілген.   "Прокуратураға адам құқықтары жөніндегі уәкілге адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі өз міндеттерін атқару кезінде ынтымақтастық және қолдау көрсету және жәрдемдесу құқығы берілген".                                      

           Прокуратура шешімдеріне шағымдану тәртібі қадағалау органынан өтініш берушіге шағымдану құқығын түсіндіре отырып, негізделген және дәлелді жауап беруді талап ететін нормамен толықтырылады. Атап айтқанда, прокуратура шешімдеріне шағымданудың үш айлық мерзімі адамға қабылданған шешім туралы белгілі болған күннен бастап есептеледі. Бұл нақтылау азаматтарға шағымдану мерзімін өткізіп алмауға мүмкіндік береді.                                                                          

Шағымдарды қарау мерзімі 20 жұмыс күнін құрайды, оларды қарау нәтижелері прокурордың шешіміне, актісіне және әрекетіне сотқа шағымдану үшін негіз болып табылады. Бұндай шағымдарды тек жоғары тұрған прокурор ғана қарайтын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521