АЗАМАТТАР АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ

«Жалын» мәдениет үйінде атаулы қос мереке 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай «Елін қорғау – ерге серт» атты мерекелік жиын өтті.

Аталмыш шара барысында  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы кіргізіліп, Әнұран шырқалды. Салтанатты жиынның алғы сөзін аудан әкімінің міндетін атқарушы Рашид Мұқанов алып, мерекелік жылы лебізін білдірді.

-Бүгінгі мереке ата-бабаларымыздың рухына арналып, Отан қорғаушылардың абыройын асқақтататын күн.Тәуелсіздігіміздің мызғымас берік қорғаны атанған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына биыл 31 жыл. Осынау жылдар ішінде еліміз өз шекарасын бекемдеп, айбынды  әскерін жасақтап, Қарулы күштерін күшейтіп келеді.Құрлықта да,теңізде де кәсіби мамандарымыз ел қорғайтын ұландарымыз, әртүрлі дәрежедегі әскери мамандықтарды игеріп келуде. Кешегі батыр бабаларымыздың лайықты ізін жалғастырушы ізбасарлары да сап түзеді. Елдің тыныштығы, адамдардың алаңсыз ұйқысы үшін қазіргі таңда Қарулы Күштер сенімді қызмет атқаруда.Сайып келгенде, құрметті жерлестер, татулық пен келісімнің ордасына айналған, тәуелсіз қазақ елі қарыштап,дамып,айбынды әскерлеріміздің қуаты арта берсін. Қасиетті де қастерлі мереке қарсаңында аудан тұрғындарының қара шаңырағына шаттық, отбасына береке-бірлік тілеймін!-деді ол.

Ел тыныштығы мен халықтың қауіпсіздігі үшін аянбай қызмет атқарып жүрген, аудандық полиция бөлімі, жол және техникалық инспекциясы тобының аға мемлекеттік автоинспекторы, полиция аға лейтенанты Алтынбек Ғабдиманапов және жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Нұрболат Қамбаров, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жұмылдыру бөлімше сержанты, жасақтау бөлімшесінің 3-сыныпты сержанты Сағын Калиев сынды азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Келесі мерекелік құттықтау сөз сөйлеген аудандық мәслихат төрағасы Нұрым Мусин өз кезегінде Нұржан Ғалымовқа, «Жанбай» шекара бөлімше бастығының орынбасары, лейтенант Береке Есенбай, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жасақтау бөлімшесінің инспекторы Сәуле Жалелова және осы аталған мекеме бөлім бастығының көмекшісі ГауҺар Утепқалиеваларды марапаттап, гүл шоқтарын ұсынды. Мерекелік шара соңы аудан өнерпаздарының сазды бағдарламасына ұласты.

                                                                                                                                        

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521