Дүйсенбі күні мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік секорларда азаматтарды қабылдау және өтініштермен жұмыс жасауға жауапты мамандарға арналған жиын өтті.
Жиын Исатай аудан әкімі аппарат басшысы Арманбек Амантайұлының төрағалығымен жүргізілді.
Алдымен «Е-otinish» және азаматтарды жеке қабылдау бойынша ақпараттарды хабарлау үшін «Жалпы, жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлардың алдын алу» бөлімінің бас маманы Әзиза Қайратқызы және аудан әкімінің кеңесшісі Еркебұлан Уалитханұлына сөз беріліп, қысқаша баяндады.
Осы жауапты мамандардың «Е-otinish» ақпараттық жүйесіне келіп түскен жолдамалар бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат қортындысына сүйенсек, Исатай ауданы бойынша ағымдағы жылдың 10 ай ішінде жеке және заңды тұлғалардан барлығы 580 өтініш келіп түскен. Оның ішінде аудан әкімі аппаратына 237 өтініш тіркелген. Аудан әкімі аппаратына келген өтініштерді көтерілген мәселесіне қарап жіктесе, 125 арыз, 6 шағым, 26 ұсыныс хабарламалар, 80 сұраныс келіп түскен. Арыздардың басым бөлігі - тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер пайдалану құқықтары, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту мәселелері қамтылған. Осы есептік кезеңде аудан әкімдігі мен дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдерімен 172 азаматтық жеке қабылдау ұйымдастырылып онда 246 тұрғын қабылданған. Сонымен қатар, аппарат басшысы дербес бөлімдерде осы ақпараттық жүйе арқылы қызмет көрсету біраз төмен екендігін тілге тиек етіп, ескертулер берілді.Мамандардың көбісі, аталған ақпараттық жүйе арқылы жұмыс жасау барысын дұрыс түсіне алмағандықтан қиындық келтіретінің жасырмады.Олардың бұл сөзіне аудан әкімінің кеңесшісі Еркебұлан Уәлитханұлы жауап қатты.-«Е-otinish» деген платформасы арқылы жұмыс істейтін мамандарға оның қалай жұмыс істеу керектігі және онымен қандай жұмыстар атқарылу мүмкіндігін қосымша түсіндіріліп мамандарға түрлі деректер берілді. Бірақта алдағы уақытта мамандарға мұндай кездесулер емес практикалық жүзінде тәжірибе жөнінде біздерге келіп бізден түсінік ала алады. Округ әкімдері мен дербес бөлім басшыларының және де квазимемлекеттік секторлар басшыларының қабылдауын көбейту және тұрғындармен өзара қатынасын нығайту жөнінде қабылдауды жиілету мақсатында осындай түрлі кездесулер мен тәжірибе алмасулар өтіп тұрады деген сенімдеміз,- дейді ол сөзінде.
Сондай-ақ, шара барысында алғашқы медициналық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігі бойынша алғашқы көмек әдістерін үйрету бойынша сала мамандарының арнайы түсіндіруімен практикалық жаттығу өткізілді.
Жиын соңында жауапты мамандарға аппарат басшысы Әдеп кодексінің сақталуы, іскерлік киім кию стилін сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуы, мемлекеттік қызметкерлер лудоманияның алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды көптеп өткізу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Сағыныш Қайыр