Азаматтарды тіркеу жұмыстары басталды

Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімде жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары мен арнаулы оқу орындарында оқитын студенттер, 17 жасқа толатын және бұрын тіркеуден өтпеген 27 жасқа толмаған азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу және өткізу жұмыстары басталды.

Бұл жұмыстар наурыз айына дейін жалғасатын болады. Жасақтау бөлімшесінің инспекторы Лена Төлегенованың айтуынша, осы жылы әскерге шақыру учаскелеріне 210 азамат тіркеледі деп жоспарланған.

- Жергілікті атқарушы органдардың шешімімен азаматтарды тіркеу және медициналық куәландыру жөніндегі комиссия құрылды. Тіркеу барысында болашақ әскерге шақырылушылардың саны, әскери қызметке жарамдылық санаты, дене даярлығының деңгейі айқындалады. Денсаулық жағдайы ерекше бақылауға алынады. Әрбір жас азамат міндетті медициналық тексеруден өтеді. Жасөспірімдерде қандай да бір сырқат анықталған жағдайда, олар емделу үшін тиісті денсаулық сақтау ұйымдарына жүгінеді. Дәрігерлердің тексеруінен толық өткеннен кейін әскерге шақыру жасына дейінгілерге әскери есепке қою туралы тіркеу куәлігі беріледі,-деді Лена Төлегенова.

Сонымен қатар, жергілікті әскери басқару органдары жасөспірімдерге әскери қызметтің артықшылықтары мен перспективалары, Қазақстан Қорғаныс министрлігінің және алыс-жақын шетелдердің әскери оқу орындарына түсу ережелері жөнінде ақпарат беріледі.

Айта кетейік, республика көлемінде әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жыл сайын қаңтар мен наурыз аралығында жүргізіліп отырады.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521