Елімізде азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жаза түрлеріне қарсы шаралар күшейтілді.
Атап айтқанда бұрын мұндай істер бойынша сотқа дейінгі тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, өзіндік қауіпсіздік басқармасы және басқа да қылмыстық қудалау органдары жүзеге асырған.
Ағымдағы жылы ҚР Бас Прокуроры азаптау туралы қылмыстық істерді прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекітті.
Аталған нұсқаулыққа сәйкес, тергеп-тексеру барысында процестік мәртебесі жоқ адамдармен әңгімелесуге, сауалнама, келіссөздер жүргізуге тыйым салынып, адамдарды әкелу, жеткізу және ұстау процесін міндетті түрде камераға бекіту көзделген.
Оған қоса заңнамада азаматтарға азаптау деректері қолданылған аумақтық құқық қорғау органдарының басшыларына қатысты қылмыстық жауапкершілік белгіленген.
Сонымен қатар, нұсқаулыққа сәйкес алдағы уақытта азаптау туралы қылмыстық істерді тергеп-тексеру функциясы тек прокуратура органдарына ғана жүктелген.