Исатай ауылында орналасқан №137 референдум учаскесінің төрайымы Айгүл Адилованың мәлімдеуінше, 855 дауыс беруші тіркелген.
№137 референдум учаскесіне Әзербаевтар отбасы таң атысымен алғашқылардың қатарында болып, дауыс берді.
Отағасы - Серік Азербаев вахталық әдіспен жұмыс жасаса, ал отанасы Светлана Мулдагалиева мен ұлы Темірхан Азербаев Исатай орта мектебінде мұғалім болып қызмет атқарады.
- Бүгінгі еліміз саяси науқан, маңызды күн! Менде еліміздің келешегі алаңдатады.Сондықтан, елеулі сәтте әрі жарқын болашағымыз үшін ата-анаммен қатарласа өз таңдауымды жасауға келіп тұрмын, - дейді жас ұстаз Темірхан Азербаев.