Елдегі азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін азайту – Үкіметтің стратегиялық міндеттерінің бірі. Әрине, отандық өндіріс арқылы барлық өнім түрін жүз пайыз қамтамасыз ету мүмкін болмауы ықтимал, әрі оның экономикалық тұрғыдан қажеттілігі де шамалы болуы мүмкін. Дегенмен, қазіргі нарықтағы ахуал ішкі өндірістің әлі де жеткіліксіз екенін айқын көрсетіп отыр. Бұл өз кезегінде елдің азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін басты қатердің бірі болып табылады.
Сондықтан агроөнеркәсіп кешенін дамыту, өндіріс көлемін ұлғайту, өңдеу саласын жетілдіру және ішкі нарықты өз өнімдерімізбен қамту – уақыт талабы. Отандық шаруалар мен кәсіпкерлерге қолдау көрсету, жаңа технологияларды енгізу, ауыл шаруашылығындағы инфрақұрылымды жақсарту – осы бағыттағы маңызды қадамдар.
Мемлекеттік қолдау тетіктері мен тиімді экономикалық саясат қана бұл салада нақты нәтижеге жеткізеді. Азық-түлік қауіпсіздігі – тек экономикалық емес, ұлттық қауіпсіздіктің де өзегі. Өз өнімімізге, өз еңбегімізге сүйену – елдің тәуелсіздігі мен тұрақтылығының басты кепілі.
Назым ИДРИСОВА,
Исатай аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі