«Бүгінгі күннің қаһармандары». Исатайлықтар дәрігерлерге құрмет көрсетті

Олар қай қошеметке де лайық. Осыны жете түсінген исатайлықтар аудан дәрігерлеріне құрмет көрсетті.

Ауылдың барлық тұрғындары оларды жақсы тану үшін ауыл көшелеріне аудан дәрігерлерінің, сондай-ақ, ауыл емханаларында қызмет ететін медицина қызметкерлерінің фотосуреттері басылған баннерлер ілінді. Бұл - жергілікті әкімшілік бастамасы.

j

Жансих МАШТАХОВ, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы:

- Отандық дәрігерлеріміздің еңбегі өте зор. Олардың осындай қиын сәтте отбасыларынан жырақта жүріп, аурудың жанынан тапжылмай, індетпен күресу барысында жанқиярлық еңбек етіп жатқаны бәрімізге де белгілі. Оларды біз де құрметтейміз және үлгі тұтамыз. Мінекей, соның бір дәлелі аудан орталығындағы көшелерде дәрігерлеріміздің суреттері бейнеленген баннерлер ілініп, оларға халық атынан ризашылық білдірілуде. Еліне адалдығын танытып, аты жаман аурумен күресте жанқиярлықпен тер төгіп жүрген дәрігерлерге бәріміз де бас иеміз.

c

Нұржан АҒМАНОВ, аудандық аурухананың терапевт дәрігері:

- Елге ризамыз. Үлкен қолдаулары арқылы бізге жігер сыйлап жатыр. Әрине, халықты індеттен қорғау, олардың жанын арашалау – біздің міндетіміз. Дегенмен, осындай қиын-қыстау сәтте айтылған бір ауыз жылы сөз жанға демеу болады екен. «Дәрігерлерге - мың алғыс!» атты акция аясында жастарымыз сый-сияпаттарын жасап, көңілімізді бір көтеріп тастаса, күні кеше ауыл көшелерінің бойына аудан дәрігерлерінің фотосуреттері бейнеленген баннерлер ілініп, ерекше марқайып қалдық. Бұны бізге деген құрмет пен ақ халаттыларға артылған зор сенім деп білеміз. Ал, ел бізге сенім білдірсе, ол сенімнен шығу жолында қайраттана түсеміз.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT