Бұйрықтағы өзгерістер

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №72 бұйрығымен «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға және ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне  әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін Мемлекеттік корпорация арқылы немесе электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi.

2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

Кредиттік бюродан есеп;

3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетіле сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

Кредиттік бюродан есеп.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама, көрсетілетін қызметті алушының атына тұрғын үй салуға берілген жер учаскесін пайдалану құқығы туралы, еңбек қызметі бойынша, ортадан кейінгі, техникалық, кәсіптік және/немесе жоғары білім дипломының болуы туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері немесе көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.

Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны келесі құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабардар етеді:

1) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру кезінде:

сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;

сатып алынатын тұрғын үйдің құны берілетін бюджеттік кредит мөлшерінен асқан кезде қоса қаржыландыруға жазбаша келісім.

2) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит беру кезінде:

кепіл мүлкін бағалау актісі;

кепіл мүлкін сақтандыру шарты;

тұрғын үй салу кезіндегі шығыстар берілетін бюджеттік кредит мөлшерінен асып кеткен кезде қоса қаржыландыруға жазбаша келісім.

Сонымен қатар, әлеуметтік қолдау шараларын алған маманмен келісім шарт 3 жылға жасақталғандықтан, осы мерзімде мамандар тұрақты жұмыс жасауы тиіс. Келісім шарт бұзылған жағдайда бюджет қаражаты толықтай кері қайтарылуға жататындығын қаперге береміз.

Рауан БИСЕН,

Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521