Бұқаралық спорт – ұлт саулығының кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт саулығының кепілі – бұқаралық спортты дамытуға жиі көңіл бөліп келеді.

Президент көтерген бастамалардың барлығы да халықтың денсаулығын жақсартып, әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.

Бұқаралық спортты дамыту бойынша біздің облысымызда да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Осы ретте, өңірдегі көптеген жетістіктеріміз туралы айтып кетуді жөн көрдім. Мұнайлы астанамызда спорт саласындағы материалдық-техникалық базаны нығайту, спортшыларды дайындау, сапасын арттыру және бұқаралық спортты дамыту бойынша ауқымды жұмыс атқарылды.

Соңғы статистикалық мәліметке сүйенсек, облыс тұрғындарының 277 мыңнан астамы дене тәрбиесімен, спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,3%-ға өсті. Спорттық клубтарда жаттығушылар саны 4276-ны құрап, биыл 633-ке көбейді. Жыл басынан бері бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыс көлемінде 800-ден аса спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 150 000-нан астам облыс тұрғыны қатысқан. Оның ішінде 560 іс-шара ауылдық жерде ұйымдастырылып, 110 000-нан астам ауылдық жер тұрғындары қамтылды. Бұл көрсеткіштер алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Соңғы жылдардағы бұл көрсеткіштерді ерекше айтуымның себебі, былтыр облыс жұртшылығымен кездесуінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысындағы спорттың дамуы туралы ерекше айтқан еді. Балалар мен жастардың денсаулығын жақсарту үшін дамыған және қолжетімді спорт инфрақұрылымының болуы маңызды екенін атап өтті.

«Спорт инфрақұрылымын дамытып, оны барынша қолжетімді ету – маңызды міндеттің бірі. Өңірдегі көптеген спорт нысанына жөндеу жүргізу қажет. Сонымен бірге, республикалық және халықаралық жарыстар өткізетін жаңа спорт кешендерін салу керек. Жалпы, көп шығынды талап етпейтін спорт түрлерін дамытқан жөн. Мысалы, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, садақ ату, қазақша күрес, тағы басқа.

Бұл қадам, ең алдымен, балаларымызды теріс әдеттен алыстатады және спорт залдарының тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді», – деген еді Президент. Бұл қадамдардың барлығы түптеп келгенде халықтың әл-ауқатын арттыруға және еліміздің болашағын баянды етуге ықпал етпек. Халықтың әлеуметтік жағдайы артып, тұрмыс салтына оң әсер етіп жақсарып келетінін көруге болады.

Аманбай Қыздарбаев,

Атырау қалалық мәслихатының депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521