Тәуелсіздік тарихында өткен сайлаудың бәріне қатысып, өз таңдауымды жасап келемін. Ал, осы науқанда біз бүгінгі және ертеңгі болашақ өміріміздің дамуы мен жан-жақты өркендеуі, халқымыздың бақыты үшін барлығына аса жауапкершілікпен қызмет ететін кандидатқа дауыс беруді ұйғардым. Бұл сайлау бізді тағы да бір сындарлы сәттен сүріндірмей, сәтті алып шықты.
Халықтың құқықтық және саяси сауаттылығы қалыптасып, дауыс беру мәдениетінің артып келе жатқанының бір көрінісі. Біздің қоғам – әділетті, қуатты және мызғымас бірлігі мен ынтымағы зор қоғам.Елдің болашағына енжарлық танытпай, саяси науқаннан тыс қалмай, мен де өз таңдауымды жасадым. Жаңа, әділетті Қазақстанның болашағы жарқын, сондай сәулелі, шуақты ел болу үшін дауыс бердім. Сондықтан таңдауымыздан оң бастамалар күтеміз. Барлығы халық пен елдің игілігі үшін болса нұр болмақ.
Мұрат БЕКТЕНОВ,
Исатай ауданның Құрметті азаматы