Жақында «Ақбота» балабақшасының базасында «Білім жолымен» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Онда аудандық кезеңнен топ жарған балдырғандарымыз бақ сынап, «Біз мектепке барамыз» аталымы бойынша Анель Амангелдіқызы 3-дәрежелі, «Бәрін білгім келеді» аталымы бойынша Тұрар Төребай 1-дәрежелі, «Ойлан, тап» аталымы бойынша Нұрайна Мырзахметқызы 3-дәрежелі орындарды иеленіп, аудан намысын қорғады. Бүлдіршіндерімізге сәттілік тілей отырып, оларды білім додасына дайындаған тәрбиешілеріне, ата-аналарына алдағы уақытта да шығармашылық шабыт, биік белестер тілейміз. Бүлдіршіндеріміздің талабын шыңдай түсетін бұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Света ЖАРЫЛҒАСОВА, аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие әдіскері