Аудан әкімі Полымбет Хасановтың өкімімен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мен аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне жаңа басшылар тағайындалды.
Аппарат жиынында аудан әкімі бос тұрған лауазымдық орындарға конкурс қорытындысымен тағайындалған бөлім басшыларын аудан активіне таныстырды. Атап айтқанда, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне Махашов Ерболат Нұрлыбекұлы, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміне Ақжол Елеубайұлы басшы болды.
Махашов Ерболат Нұрлыбекұлы 1987 жылы Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылында дүниеген келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2009 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген. Мамандығы бойынша аудандық білім бөлімінде, аудандық қаржы бөлімінде, аудан әкімі аппаратында, аудандық экономика және қаржы бөлімдерінде маман, сектор меңгерушісі лауазымдарын атқарып келген. Отбасылы.
Елеубайұлы Ақжол 1986 жылы Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2008 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын аудандық қазынашылық басқармасында бастап, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде, аудан әкімі аппаратында, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінде маман, бөлім басшысы лауазымдарын атқарған.
2018 жылдан күні бүгінге дейін Аққыстау ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді. Отбасылы.
Аудан әкімі жиында жаңадан тағайындалған қос басшыға өздері туып өскен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында аянбай қызмет етуді, халықтың ұсыныс-пікірлерінің оң шешілуін қамтамасыз етуді тапсырды.