Бөлімге – жаңа басшы

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Н.Абежанның 2018 жылғы 27 наурыздағы №67-ші өкімімен Сисатов Болатбек Серікұлы Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Сисатов Болатбек Серікұлы 1986 жылы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білім – жоғары. Атырау мұнай және газ институтын бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Атырау қаласы, автомобиль жолдары комитетінің Атырау облыстық департаментінде бас маманның міндетін атқарушы болып бастаған.

2008-2011 жылдары Атырау облыстық департаменті пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінде бас маман, «Атырау мемлекеттік жер ғылыми өндірістік орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны-қалалық жер кадастрлық филиалында маман, облыстық құрылыс басқармасы ақпараттық-техникалық құжаттама бөлімінде бас маман, бас маманның міндетін атқарушы, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

2012-2017 жылдары Атырау облысы құрылыс басқармасы ақпараттық-техникалық құжаттама бөлімінде, облыстық құрылыс басқармасы жобалау-сметалық құжаттама және әлеуметтік-инвестициялық жобалар бөлімінде, 2018 жылдан бастап облыс-тық құрылыс басқармасы әлеуметтік-инвестициялық жобалар бөлімінде бас маман болып істеген. Қазіргі уақытқа дейін аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөлімін басқарған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521