ӨНДІРІС Ауданымыздағы өндірілген өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97,0% құрады. Өткен уақыт ішінде 1143,7 мың тонна мұнай өндірілді. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі аудан бойынша 191,2 млрд. теңгені құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ет, сүт өндіруде және мал басы санында алдыңғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда өсуі байқалады. 2019 жылдың 1 қаңтарымен өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 3,6%, қой-ешкі 6,9%, жылқы 13,0% және түйе 6,8% өсті. Ауданның барлық шаруашылық санаттары бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндіру 3,0%, және сүт 2,5% артты.
НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ
Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 15803 млн. теңге, құрылыс жұмыстарының көлемі 5717 млн. теңгені құрады. Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы 22713 шаршы метр, оның ішінде халық қаражаты есебінен 22713 шаршы метрді құрады.
САУДА
2018 жылдың қаңтар-желтоқсанға бөлшек сауда көлемі 1091,6 млн. теңгені құрады.
ЕҢБЕК НАРЫҒЫ
2019 жылдың 1-қаңтарына жұмыссыздар (жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мәліметі бо-йынша) 1123 адамды құрады. 2018 жылдың он екі айында 379 адам тұрақты жұмысқа, 637 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 33 адам әлеуметтік жұмысқа және 74 адам «Жастар тәжірибесіне» тартылды. 238 адам кәсіптік оқуға жіберілді.
Кенжебай АБДУЛЛИН,
аудандық статистика басқармасының басшысы.