Бабадан жеткен дала заңы

Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген дала заңының ішінде отбасындағы үлкен де, кіші де біле жүруі жөн саналатын жайттар аз емес. 

Солардың біразы төмендегіше топталыпты.

БЕРУ КЕРЕК:

Үлкенге – сәлем, қуанғанға – сүйінші, соғымнан – сыбаға, егіннен – кеусен, малдан – көгендік, балаға – базарлық, киімге – байғазы, сәбиге – көрімдік, төркіндеген қызға – қалауын, жаңа көршіге – ерулік, досқа – естелік, жетімге – қолқайыр, мүсәпірге – садақа, байлықтан – шүлен, тойға – сияпат, қуанышқа – шашу, жас босанған анаға – қалжа.

СҰРАУ КЕРЕК:

Алладан – денсаулық, Пайғамбардан – шапағат, Қыдырдан – бата, данадан - өнеге, батырдан – сауға, аңшыдан – сыралғы, аурудың – көңілін, қарттың – хал-жайын, жетімнің – жай-күйін, саудың – амандығын, ағайынның – бүтіндігін, олжадан – тәбәрік, қонақтан – бұйымтай.

ТІЛЕУ КЕРЕК:

Барға – тәуба, жоққа – сабыр, ауруға – төзім, жақсылыққа – алғыс, болашаққа – сенім, жетістікке – шүкір, өткенге – салауат, қалғанға – береке, басқа – амандық, денге – саулық.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз