БАЙҚАУШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ?

Біз Аққыстау ауылдық округінде орналасқан №133 учаскесінде болып,  сол күнгі дауыс беру  барысының қалай өтіп жатқаны жөнінде байқаушылардың пікірін білген едік.   
«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының байқаушысы Сенар Жиендикова: 


-Атап өтуіміз керек,  сайлау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұйымдастырылған. Партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің байқаушыларының дауыс беруге келіп жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары көтеріңкі көңіл-күйде асқан белсенділік танытуда. Бұл күн – Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуының жаңа белесі болып қалатынына үмітіміз мол. Жалпы сайлау тиісті нормаларға сәйкес өтіп жатқанын баса айтқым келеді, -десе, 
«Қазақстанның Азаматтық Альянсы» қоғамдық бірлестігінің байқаушысы Кенжегүл Аманбаева:
-Бүгін таңертеңгі сағат 7.00-ден бастап, 133 сайлау учаскесінде дауыс беру қалай өткізіліп жатқанын сырттай бақылап отырмыз. Әзірге ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ. 11.00-де  425 адам дауыс берді. Учаскеде талаптар сақталған. Біздің міндетіміз заңның сақталуын қадағалау. Ауыл тұрғындарының бәрі де сайлауға үлкен дайындықпен келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Мұның өзінен біз жерлестеріміздің саяси оқиғаға бей-жай қарай алмайтындығын байқадық,-дейді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521