БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚУАНЫШТЫ КҮНІ

 28 маусым –Бұқаралық ақпарат құралдары күніне орай біздің аудан журналистері мен қызметкерлері үшін қуанышты күндерге толы болды.

 

Салтанатты жиналыс алдымен «Атырау –Ақпарат» ЖШС-інде өтті. Онда жоғарыда аталған медихолдингтің директоры Нұрболат Елеусінов БАҚ қызметкерлерін  кәсіби мерекесімен құттықтап, бір топ жас журналистер мен сала қызметкерлерге марапаттар тапсырды.

Мұндай салтанатты құттықтау шарасы сол күні «Инфинити» мейрамханасында да өткен еді. Шара кезінде Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов бұқаралық ақпарат қызметкерлерін  төл мерекесімен құттықтады.

Ол өз сөзінде: 

– Бұқаралық ақпарат құралдары – қашанда шынайы ақпараттың қайнар көзі. Жалпы жұртшылық мерзімді басылым, теледидар, радио, әлеуметтік желілер арқылы күнделікті өмір аренасында болып жатқан алуан түрлі оқиғалармен танысып, мемлекеттік органдардың қызметі туралы жан-жақты біліп отырады. Алдағы уақытта да бұқаралық ақпарат құралдары облысымыздың өсіп-өркендеуі мен кемел келешегін нығайту жолында өз қомақты үлесін қоса береді деп бек сенемін,-дей келіп, аймақтың медиа кеңістігін дамытуға зор үлес қосқан бір топ журналистер мен сала қызметкерлеріне марапаттар тапсырды. Әрмен қарай, облыстық маслихат төрағасының да кезекті марапаттау сәті туып, солардың ішінде біздің аудандық «Нарын таңы» газетінің беттеуші дизайнері Нұрғабыл Дәулетияров пен жас журналист Сағыныш Сайлаубайқызы  бар екенін айта кеткенімізді жөн көрдік. Сондай-ақ С.Сайлаубайқызы Назарбаев зияткерлік мектеп директорының Алғыс хатына да ие болды.

                                                                                                                                               Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521