Балаға қанша жәрдемақы төленеді?

Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен жұмыстағы және жұмыссыз әйелдерге төленеді.

Атап айтсақ, үй күтіміндегі аналар баланың туылуына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы алады. Яғни, алғашқы үш балаға 95 950 теңге алса, 4 және одан да көп балаға 159 075 теңге беріледі.

Ал бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақының көлемі – 14 544 теңге. Екінші балаға – 17 196 теңге, үшінші балаға – 19 822 теңге, 4 және одан көп балаға – 22 473 теңге. Жүктілігіне және бала тууына байланысты кірістің тоқтап қалуына орай ӘМСҚ есебінен төленетін жәрдемақының көлемі оның соңғы 12 айдағы орташа жалақысының 4,2 көлемін құрайды.

Бала тууына байланысты бір реттік көмек алғашқы үш бала үшін 95 950 теңге. Ал төрт және одан көп бала туғаны үшін бір реттік 159 075 теңге төленеді.

Бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты ӘМСҚ есебінен әлеуметтік жәрдемақы алушыдан міндетті зейнетақы жарнасын субсидиялау әлеуметтік төлемді қоса есептегенде оның бір айлық орташа кірісінің 10 пайызын құрайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT