Әлихан Бөкейханның сөзімен бастасам «Жер және жер. Жерсіз Отан жоқ, жерсіз адам жоқ. Жерсіз мемлекет те болмайды. Оның әрбір түйір тасы әр қазақтың өңірінен түйме болып қадалуы керек».
«Жер дауы, жесір дауы» деген сөздер қазір бұрындары біз естігеннен де көп өзгерген секілді. Себебі, біз естіген бұл даулар бұрындары қазақтың өз ішінде болатын сияқты еді. Ал, қазіргі заманда жер мен жесір дауы шетелмен, оның ішінде қытайлармен арада өрши бастаған сыңайлы.
Қытайлар мысықтабандап завод, фабрика саламыз деген желеумен бүгінде жерімізге сыналай еніп жатыр. Халық білмейді емес, сондықтан ата-бабадан мирас болып қалған қасиетті жер ешкімге де, оның ішінде шетелге, тіпті Қазақстан халқына да сатылмасын деген жанайқай еді айтқым келгені.
Негізі жерді өз халқымызға да жалға беру дұрыс емес деп санаймын. Себебі, жер ресми түрде мемлекет қарауында болғанымен, түптеп келгенде халықтың өз игілігі. Ешкім жерді сатып та, жалдап та алмай, ортақ пайдалануы керек. Малының санына қарай жайылымының да салығын төлесін.
Ғаламторға сүйенсек, Қытай өз халқын қазақтың жері әуел бастағы Қытайдың тарихи жері болған деп сендіріп жатқанға ұқсайды. Бұл не деген масқарашылдық! Не деген өзімшілдік!
Ал, біздер не ойлап жүрміз өзі? Кейбір басшысы бар, қосшысы бар шамалы тобыр өз қара басымыздың қамынан аса алмай, жеке шаруамыздан басқаны ойлап жүрміз бе? Өзім бай болсам, шалқып өмір сүрсем деген өзімшіл ойдан аса алмай жүргеніміз өкінішті.
«Жылағанның алдынан өкірген шығады» демекші, мыңдаған қаракөз қыздарымыз қытайлықтарға әйелдікке кетіп жатыр бүгінде. Қаншасының сол жаққа үміттене қарап жүргенін бір құдайдың өзі білсін. Сонда ол қыздардың намысы қайда, болашақты ойлайтын санасы қайда? Біз қытайдың бодандығында емес, бөлек, егеменді мемлекетпіз ғой. Бұларға өте қатал заң керек және қазақтың салты бойынша қазаққа үйленетін қытайлардан мемлекет пайдасына өте жоғары қалың мал төлететін талап керек.
Қазақта «Ұлды ұяға, қызды қияға» демей ме, ендеше қазақы тәрбиеден ада ешқандай да сығыр көз жиендердің елімізге қажеті жоқ. Олардың жымысқы әрекеттерінің соңын кім біліп жатыр дейсіз.
Ұлтымыздың даңқты баһадүрі батыр Баянды білмейтін қазақ кемде-кем шығар. Сол батыр Баян қалмақ қызына үйленгені үшін өзінің туған бауырын алған қызымен қоса өлім жазасына кескенін тарихтан оқыдық. Міне, нағыз дала заңы!
Қазақта «Ауыл итінің құйрығы жоғары» дейтін сөз бар. Бала күнімізде көруші едік, келген қонақтың еріп келген иті құйрығын бұтына қысып, мүләйімсіп отыратынын. Үйдің иті одан әлдеқайда әлсіз болса да құйрығын жоғары қарата шиыршықтап, азу көрсетуші еді. Осы көрініс ертеңдері керісінше болып жүрмегей. Келмей жатып «төр менікінің» кері келсе, балаққа түскен бит басқа шықпай қоймас.
Мұстажап АЯШҰЛЫ,
зейнеткер Жанбай ауылы.