banner_damu

Балалар қауіпсіздігі - ортақ жауапкершілік

Биылғы жылдың сәуір-мамыр айларында 4 бала суға кетіп, қаза тапты, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Атырау облысы білім басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев мәлімдеді. Облыстың бас педагогының айтуынша, балалар арасындағы суға кету фактілерінің басты себебі – бала қауіпсіздігіне салғырт қарау, соның ішінде суға шомылудың қауіпсіздік ережелерін орындамау.

- Бала өмірінің қауіпсіздігін сақтау жауапкершілігі мектеп пен ата-анаға жүктеледі. Сол себепті, ата-аналар балаларды суға шомылуға жалғыз жібермеуі керек. Рұқсат етілмеген жерлерде суға түсуге болмайтындығын да естен шығармаған жөн, – деді Сатқан Есенғалиев. Сонымен қатар басқарма басшысы, баланың жүзіп үйренуі оның өмірінің барлық кезінде де қажет екенін ескеру керек екенідігін, сондай-ақ бұл ретте мектептің де рөлі маңызды екенін атап айтты.

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің көтеріп отырған мәселелерінің бірі – баланы жүзіп үйрету. 2018 жылы қаңқалы-модульді бассейндер сатып алуға жергілікті бюджеттен 40,704 млн тг бөлінніп, 74 қанқалы-модульды бассейндер сатып алынған. Бастауыш сынып оқушыларын бассейіндерде жүзу дағдылары мен әдістерін үйрету жоспарға сәйкес ұйымдастырыңыздар. Мектептің дене пәнінің мұғалімдерін Төтенше жағдайлар департаментінен арнайы оқу инструктаждан өткізіп, үйірме сабақтарын бастауын қамтамасыз етіңіздер, – деді білім беру басқармасы басшысы.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика