"Балалар әдебиетінің бәйтерегі" атты байқаудан балғындар бағын сынады

Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының аясында белгілі балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығы таңдалды. Осы орайда аудандық білім бөлімінің  ұйымдастыруымен Өркен орта мектебінде «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты  6-8 сынып оқушылар арасында байқау өтті. Кеште жазушының шығармаларының ішіндегі бала жүрегіне жол тапқан үздік туындылары көрініс тапты.

 Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, қазақ әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау. Бұл байқауға аудан бойынша 23   окушы қатысып, жақсы нәтижелі орынға ие болды. Атап айтсақ, 6 сынып оқушылары арасынан  Ғ.Мәсәлімов атындағы  орта мектебінен Мақсат Жұбаныш 1-орын, Аққыстау  орта мектебінен Наргиз Каким және Ж.Мырзағалиев орта  мектебінен Аршат Қуаныш – 2 орын, Новобогат  орта мектебінен Айкерім Қуанғали, Х.Нәубетов  орта мектебінен Аружан Зейнеш, Ю.Гагарин орта мектебінен Арайжан Айсабекқызы 3- орын иеленді.

7-сынып оқушылары бойынша Х.Нәубетов   орта мектебінен Сүйрік Шакимаралқызы -1 орын,  Өркен  орта мектебінен Саяна Шағыр, Ж.Мырзағалиев   орта   мектебінен Гүлім Нұрлыбекқызы –2 орын иеленсе, Новобогат орта  мектебінен Бексұлтан Жасұланұлы, Ғ.Мәсәлімов   орта  мектебінен Айқаракөз Қабдел, Мектеп-гимназиядан Жанерке Өтегенқызы жүлделі 3-орынмен марапатталды.

8-сынып оқушылары бойынша Ғ.Мәсәлімов атындағы   орта мектебінен Еркенұр Төлеуғали 1-орын, Х.Наубетов  орта мектебінен Балнұр Болат және Ф.Оңғарсынова орта мектебінен Жанайым Жұбандық 2-орын, ал  Аққыстау орта   мектебінен Айдана Русланқызы 3-орынға ие болды. Сондай-ақ, басқа да оқушылар ұйымдастырушылардың арнайы Алғыс хатымен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521