Балаңыз қараусыз қалмасын, Ата-аналар назарына!

Қазіргі таңда өмірде жасөспірімдердің арасында оқыс оқиға салдарынан көптеген жеңіл және ауыр дәрежелі дене жарақаты, келеңсіз оқиғалар жиі кездесуде. Атап айтсақ, көп қабатты ұйлердің терезелерінен абайсызда құлау, дәрі-дәрмекке немесе өзге де сұйық заттарға улану, суға кету, жол , темір жол ережелерінің сақталмауына байланысты жол-көлік оқиғаларына ұшырау фактілері орын алуда.

Мұндағы  жол апатынан және тұрмыстық жағдайда жарақат алудың жоғары болуының басты себебі балалардың жарақат алуынан сақтандыруға ерексектердің жеткілікті назар аудармауы, олардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырмауы, мектеп оқушыларының жол жүру мәдениетінің төмендігі, кейбір ата-аналардың дұрыс көңіл бөлмеуі және мектеп жанындағы жолдарға жүргізушілердің назар аудармауы болып табылады.
​Балалар жарақаты мәселесінің әлеуметтік маңыздылығы айқын және осы мәселені шешуде барлық қоғам күшін біріктіруі қажет. Сол себепті, балалардың күндізгі және кешкі мезгілдерде қараусыз немесе қадағалаусыз жүрмеулерін қамтамасыз еткен жөн. Ал, сол баланың ержетуіне ең алдымен ата-ана тәрбиесінің ықпалы күшті екені сөзсіз. Ата-ана тәрбиесінің өз жемісін беруі, баланың  тәрбиелі болып ержетуі көп жағдайда бала мен ата-ана арасында өзара сенімнің болуына байланысты. Осыған байланысты ата-аналардан:
​Балаңызға қандай жағдайда болса да, көмек сұрап келген кезде, көмектесуге әзір болыңыз;
​Балаларыңыздың компьютер, ұялы телефондарын тексеріп, қандай сайттарға кіргенін үнемі бақылауда ұстаңыз;
​Балаңыздың бойындағы, көңіл-күйіндегі өзгерістерді үнемі бақылап жүріңіз;
​Әр түрлі шешімі қиын мәселелерге байланысты пайдалы ақыл кеңестер беруге тырысыңыз;
​Балаңыздың жас ерекшеліктерін ескеріңіз, балаңызға кеңес бермес бұрын мектеп психологынан немесе класс жетекшісінен кеңес алып, тығыз байланыста болыңыз;
​Балаңыздың  достарының қандай екенін ертерек анықтаңыз;
​Балаңызды мектепте және мектептен тыс уақыттағы тәрбиесін үнемі қадағалап отырыңыз;
​Балаңыздың  болашағына – отбасындағы тәрбиенің елеулі әсер тигізетінін ұмытпаңыз;
​Балаңызға берген уәдеңізді әрқашанда орындаңыз;
​«Баламыз ойынға кетті» деп алаңсыз отыра бермеуді, балаларыңыздың кіммен, қай жерде жүргенін, бөгде адамдармен сөйлеспеуін, ойнап жүрген орнын бақылауды;
​Балаларды суға балық аулауға, суға түсуге қараусыз жібермеуін;
​Көпқабатты үйлердің терезесінің тор сеткасынан абайсызда құлап кетуінің алдын алу бағытында балаларыңыздың іс-әрекеттерін үнемі бақылап, бөлмеде жалғыз қалмауды;
​Бұралқы иттерден;
​Кәріз құдықтарына құлап, түсіп кетпеуін қадағалауды сұраймыз.
​Ата-аналар, өз балаңызды қауіпсіздігіне байланысты ережелерді есте сақтаңыз:
​Электр аспаптарды тоққа қосылған жағдайда қараусыз қалдырмаңыз;
​Балаңызды жалғыз өзін үйде қалдырмаңыз;
​Розеткаларға қол жеткізуіне жол бермеңіз;
​Баланың газ плитасы және сіріңкені қолдануына жол бермеңіз;
Есіңізде болсын! Балаңыз сізден – ата-анадан үлгі алады!
​Сіздің жүріс-тұрысыңыз балаңыздың үйде және көшеде тәртіпті болуына үйретеді!
​Балаларды қайғылы оқиғалардан қорғау үшін барлық мүмкіндікті жасауға тырысыңыз!

 

Исатай АПБ ЖПҚб ЮПТ  

УПИ полиция майоры А.Телеубаева

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521