«БАЛДӘУРЕН» ЛАГЕРІ САРАЙШЫҚТА

 

Өркен орта мектебінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Балдәурен» жазғы лагері биыл да балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған мазмұнды іс-шаралармен ерекшеленді. 

 

 

Ерекше есте қалған сәт – оқушылардың Махамбет ауданының аумағында орналасқан Сарайшық қалашығына жасаған танымдық сапары. Қазақ даласындағы ең көне тарихи орнында кезінде үш жүз толықтай мойындаған 12 әулиенің мүрдесі қойылған. Балалар мұражайдан  осындай тарихы терең, шырайлы шаһарды  өз көзімен көріп, жақсы әсер алып қайтты.

 

 

Осылайша жаздың шуақты күндерінде Өркен орта мектебінде дәстүрлі мектепішілік «Балдәурен» лагері өз жұмысын табыс-ты өткізді. Лагерь аясында танымдық, спорттық және шығармашылық шаралар өткізіліп, әрбір баланың қызығушылығы ескерілді. Орта ғасырлық Қазақ хандығының іздері қалған көне қаламен танысу арқылы балалар өз тарихын тануға, ұлттық болмысын сезінуге мүмкіндік алды. Бұл сапар олардың бойында отансүйгіштік, елжандылық, тарихи сана сынды қасиеттерді қалыптастыруға үлкен әсер етті.

 

 

Балалар үшін мұндай танымдық бағыттағы демалыс-тар – тек көңіл көтеру емес, сонымен қатар тәрбие мен тағылымның алтын көпірі. Лагерь ұйымдастырушылары мен мектеп ұжымы балалардың бойына ұлттық құндылықтарды дарытып, жас ұрпаққа рухани бағыт беру ісінде аянбай еңбек етуде. Балалар үшін «Балдәурен» лагері – жай ғана демалыс орны емес, тәрбиенің, достық пен бірліктің, елін сүйетін ұрпақ өсірудің бастау көзіне айналды.

 

Насила Мырзагалиева,

ағылшын тілі пәні мұғалімі, «Балдәурен» лагерь жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT