"Балдырған" бас жүлде алды

Исатай ауданында Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінде Боздақ Рзаханов атындағы VIII Жас орындаушылар аудандық байқауы өтті.

saz-bas12

bal-saz1201

Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы Атырау музыка колледжінің негізін қалаушы алғашқы ұстаздардың бірі "ҚР білім беру ісінің үздігі", республикаға танымал домбырашы - ұстаз, дирижер атындағы байқауға Ш.Шәріпов атындағы және Жанбай, Новобогат балалар саз мектебінің оқушыларынан үлкен, орта, кіші топ шәкірттері бақ сынады. Онда жас ерекшеліктері бойынша домбыра, қобыз, сырнай, дәстүрлі ән номинацияларынан 50-ге жуық оқушы бақтарын сынады. Сайысқа Д.Нұрпейісова атындағы ХМА Атырау музыка колледжінің білікті ұстаздары төрелік етті.

b

saz-1202

Нәтижесінде Ш. Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің "Балдырғандар" оркестрі (Жетекшісі: Латифұлы Айтқабыл) бас жүлдеге ие болды. Басқа да жекелеген сындарда өнер көрсеткен шәкірттер жоғары марапаттарға қол жеткізді.

saz-12

saz1202

Бас жүлде және І орын иегерлері наурыз айында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Махмудақызы оқушыларды жүлделерімен құттықтап, облыстық кезеңге өткен оқушыларға сәттілік тіледі.

mar12

Альбина МИДАР,

Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521