Балық аулауға шектеу қойылды

Биылғы жылы Атырау облысы бойынша Каспий теңізінен 47775,601 тонна балық аулау жоспарланған.

Кәсіпшілік балық аулауды қазіргі кезде 19 табиғат пайдаланушы жүзеге асыруда. Оның ішінде Исатай ауданы бойынша Каспий теңізінен 10-нан аса табиғат пайдаланушылар балық аулайды. Қазіргі жағдайда балық шаруашылығы субъектілеріне бөлінген квоталардың Каспий теңізі бойынша 67 пайызын игеруге рұқсат етілген. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес Жайық өзенінің Каспий теңізімен түйісіп қосылатын, яғни сағалық кеңістіктің оң және сол жақ аумағынан 50 шақырымдай жерден балық аулаудың барлық түрлеріне шектеу қойылған. Аталған шара құнды балық түрлері қорын көбейту мақсатынан туындап отыр.

Нұрлыбек ГАЙСИН,

теңіз инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521