Балық өсіру шаруашылығын дамыту назарда

Облыс прокуроры Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ өңірдің балық шаруашылығы субъектілерімен балық өсіру шаруашылығын дамытуға назар аудара отырып осы саланы дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Іс-шарада осы саладағы проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.


Ел Президенті 2022 жылы Атырау облысына сапары кезінде балық шаруашылығы саласының өңір экономикасындағы ерекше рөлін атап өтіп, одан әрі дамытуды тапсырды.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыра отырып, прокуратура органдары шаруашылық жүргізу кезінде туындайтын мәселелер бойынша құқықтық көмек көрсетуге дайын», - деп қадағалау ведомствасының басшысы мәлімдеді.
Кездесуді аяқтай отырып, прокурор уәкілетті органдарға құқықтық өріс шеңберінде балық шаруашылығы субъектілеріне жан-жақты қолдау көрсетуді және кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына жол бермеуді тапсырды.
 
Атырау облысының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521