Бақытты отбасы - бақытты ел

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін - бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.

Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам құқықтары және оның  бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау  - конституциялық заңдылықтың басты талабы. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол – жанұя, яғни зұлымдықтан жәбір көретін ең жақын адамдары жұбайы мен ата-анасы, баласы болады. Зорлық-зомбылық балалардың денсаулығына және психологиясына, жан жақты дамуына ауыр зардаптар әкеледі. Зорлық –зомбылық құқықта бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпалы жасауы.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман нәрселер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады. Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын оған қарап өсетіні белгілі. Нашақорлық пен ішімдік зорлық-зомбылық  жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді.

Қазіргі таңда отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заң нормаларына сай жұмыстар атқарылуда. Бұл шаралардың негізгі мақсаттары - адамдардың, соның ішінде әйелдер мен балалардың заңды құқықтарын қорғау, бостандығына кепілдеме беру, отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықты төмендету жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру болып табылады. Зорлық-зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте қоғамның көзқарасын өзгертіп, құқықтық сауаттылығын арттыру қажет.

Исатай АПБ ЖПҚб ӘЗЗҚТ-ның инспекторы, полиция капитаны,

Мөлдір МАҒАЗОВА 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT