«Бар ізгілік өзіңнен басталады»

8-наурыз халықаралық әйелдер меркесіне орай Исатай Тайманұлы атындағы аудандық музейде «Бар ізгілік өзіңнен басталады» атты музей қызметкерлерінің ұйымдастырумен аудандық әр салаға еңбегін сіңірген ардагерлермен кездесу болып өтті.

Кездесуге арнайы қонақ болып білім саласының ардагері Қойсын Тілемісова, медицина саласының ардагері Маржан Шалабаева, мәдениет саласының ардагері Насипа Жұмашева және де аудандық мұрағат басшысы Жанаргүл Ахмедиярова қатысты. Шара барысында өзінің еңбек жолындағы ғұмырын баяндап, жастарға деген ақ тілектерін білдірген қонақтарымызға арнайы Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің оқушылары және де Аққыстау орта мектебінің оқушысы Перизат Темірова өздерінің өнерлерін көрсетіп, тәнті етті. Кездесу соңында ардагер қызметкерлерімізге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Еркебұлан ЗИНЕДЕНОВ

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21